ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ӘЗІРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ

17:56, 26 қараша 2020

Кеше «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі елде қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн форматта өтті. Келер жыл ел үшін маңызды даталарға толы. Алдымен - сайлау. Тәуелсіздікке 30 жыл. Осы аралықта атқарылған ауқымды әр істің басында «Nur Otan» партиясы тұр.  Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы да таныстырылды. Партия негізгі үш қағидаға сүйенеді. Жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу, ортақ мұрат-мақсаттарға адалдық. Алдағы уақытта да осы бағытынан таймайды. 5 жылға түзген жоспары сан-салалы. Әлеуметтік-экономикалық саясатта билік нарық тәсілдерін басшылыққа алады. Бұл ретте дамыған елдер халықтың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етеді. Біздің Үкімет те осы мақсатқа жетуге талпынуы тиіс. Мұндағы екпін - жеке секторды қолдау, азаматтар алдында әлеуметтік міндеттерді орындау. Бұл тұрғыда Президент қаржыны және жәрдемақыны оңды-солды таратуды тоқтатуды тапсырды. Әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға берілуі тиіс. Алдағы сайлау ашық, әділ және заңды өтуі тиіс. Президент ол үшін барлық жағдай жасалатынын айтты. Жарияланып отырған «Nur Otan» партиясының бағдарламасы – қаржылық, адами және қажетті ресурстармен толық қамтылған. Бұл бұрыннан қолға алынған реформалардың заңды жалғасы.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ЖАҢА ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:49, 14 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ЖАҢА ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚАНША ПАРТИЯҒА МАНДАТ БЕРІЛДІ?
17:15, 13 қаңтар 2021
ОБЛЫСТА ҚАНША ПАРТИЯҒА МАНДАТ БЕРІЛДІ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...
  «ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
13:38, 19 қаңтар 2021
«ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
Толығырақ...
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
13:32, 20 қаңтар 2021
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...