ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МИНИСТР САПАРЫ

14:30, 3 қыркүйек 2020

Облыс орталығына жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді. Өскемендегі медицина мекемелерін аралаған министр аймақта індетпен күресіп жатқан дәрігерлердің қызметін жоғары бағалады. Сондай-ақ министр  жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа пульмонология орталығында да болып қайтты. Бұрынғы жедел жәрдем ауруханасының мекемесінде ашылатын пульмонология орталығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталмақ. Атап айтсақ, диагностикалық бөлімде мобильді рентген аппараты және компьютерлік томография орнатылады. Сондай-ақ, науқастарға арналған әр орын оттегі желісімен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, орталық қарамағында ПТР зертханасының жұмысы да жоспарланған. Мұнда сондай-ақ  ауыр жағдаймен түскен науқастар үшін 15 орындық жансақтау бөлімі жасақталады. Өкпені жасанды желдету, емдеу-диагностика  сынды  аппараттары орнатылады. Сапар барысында министр облыстық диагностика орталығына да ат басын бұрды. Мекемеде қазіргі таңда жүйені толықтай цифрландыру шаралары қолға алынған.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...