ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

18:27, 9 қыркүйек 2020

Өскеменде Қоғамдық кеңес отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауының негізгі басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда цифрландыру, мемлекеттік қызметті реформалау, денсаулық сақтау жүйесі, кәсіби білім беру, бұқаралық спорт және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмыстарын тездетуді тапсырамын. Биыл олардың үлесі 10% болуы тиіс.  Ал келесі жылы тағы 15%-ға қысқартамыз. Осылайша, шенеуніктер санын 25%-ға азайту мәселесін 2021 жылы орындаймыз. Қысқартудан үнемделген қаржыны қалған қызметкерлердің жалақысын көтеруге бағыттаймыз деген болатын. Сондай-ақ Президент Жолдауда денсаулық саласын дамытуға да ерекше мән берді. ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігері Юрий Старокожевтің айтуынша, COVID-19 анықталған пациенттермен жұмыс істеген барлық дәрігерлер мен медбикелер қосымша ақы алды және қазір жұмыс жағдайына байланысты еңбекті ынталандыру жүйесі әзірленуде. Аталған бағдарламаның ерекшелігі медициналық қызмет көрсетудің барлық сатысын түгелдей қамтиды. Атап айтқанда онкологиялық аурулар, қан айналымы жүйесінің дерті және ана мен бала денсаулығын қорғау.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...