ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

17:29, 1 қыркүйек 2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Президент еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттарына кеңінен тоқталды. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған. Мәселен,  Президент шағын және орта бизнеске берілетін барлық несиелер бойынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде:- «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс»-деді. Президент Жолдауында толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар Бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсілін енгізуді жүктеді. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артады. Ал, 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласында 20 көпсаласы нысан пайдалануға беріледі. Бұлар инновациялық өсім мен қолданбалы медицинаның дамуына серпін беретін болады.2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысына жинақтарын баспана сатып алуға жұмсауға мүмкіндік беріледі. Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. «Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді» – деді Президент. Мемлекет басшысы Ұлттық Банктің шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыруға бағытталған арнайы бағдарламасын 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және ауқымын кеңейтуді тапсырды.  Бұл мақсатқа қосымша 200 млрд. теңге қаражат бөлінбек. Бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд.теңгені құрайды.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...