ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

КӨЛІК ПЕН ЖҮРГІЗУШІ ҚҰЖАТТАРЫН ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛМАСТЫРАДЫ

14:10, 21 мамыр 2020

Енді көлік жүргізушілері өзімен жеке куәлігін ғана алып жүрсе жеткілікті. Полиция қызметкері оның өзге құжаттарын планшет арқылы базадан көре алады. Бұл туралы да мәжілістің жалпы отырысы кезінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Ақпараттар базасында жүргізушінің қандай көліктерді басқаруға рұқсаты бар екені, сақтандыру полисі, техникалық бақылау, тіпті, қанша айыппұлы бар екені көрініп тұрады. Полиция қызметкерлерінің қолында планшеттер де жеткілікті. Өзгерістер жуық арада заңмен бекітіледі. Әзірге тек дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
11:35, 28 мамыр 2020
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар