
ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының 28-нші сессиясы өтті. Бұл шараға Ассамблеяның біздің облыстағы өкілдері де қатысты. ҚХА кеңесімен ұсынылған тоғыз үміткер де ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары болып сайланды. Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының ресми дерегі бойынша сайлаушылардың жалпы саны 351 адам. Олардың ішінде шығысқазақстандық делегация да бар. ҚХА құру жайлы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына орай өткен Қазақстан халқы асссамблеясы жиынында айтқан болатын. 2007 жылдың мамырында ҚХА Парламент Мәжілісіне ассамблея атынан депутаттарды сайлау туралы конституциялық мәртебе алды. Араға жыл салып Елбасы «ҚХА туралы» заңға қол қойды.