ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ҚАРЫЗ ЕҢБЕГІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕТІН БОЛДЫ

13:44, 15 қазан 2020

Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы қызметке орналасқан азаматтардың құқығы заңмен қорғалады.  Мәжіліс қарыз еңбекті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді қарыз еңбегі принципі бойынша жұмыс істейтіндердің мүдделері, жалақысы, қауіпсіздігі заң бойынша қадағаланады. Мәселен, келісім шартпен жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы дәл сондай лауазымдағы компания маманынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшының жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы да компанияның мойнына жүктеледі. Жалпы қарыз еңбегі принципі Қазақстанда 20 жыл бойы пайдаланылып келеді. Дегенмен әлі күнге дейін заң бойынша реттелмеген. Нәтижесінде жалдамалы қызметкерлердің құқықтары өрескел бұзылып жатыр. Ал жаңа құжатта жұмыс беруші, қызметкерді ұсынушы мен қарапайым жұмысшының барлық мүмкіндіктері мен міндеттері толық жазылған деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕДІ
14:03, 22 қазан 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар