ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА ШИКІЛІК КӨП

15:08, 10 қыркүйек 2020

Қашықтан оқыту жүйесіндегі олқылықтарды бүгін мәжіліс депутаттары сынға алды. Депутаттардың сөзінше білім саласын цифрландыруға соңғы тоғыз жылда 72 млрд теңге бөлінген. Оның 30 млрды е-ленинг электронды оқыту жүйесіне бөлінген. Бірақ нәтиже жоқ.Пандемия – білім саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Соның бірі цифрландыру саласындағы сан сұрақ. Бірнеше министрліктің бірігумен жасалған 7 онлайн платформа  жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Жүйесіздіктен оқу процесі үзіле береді, ал ата-аналардан шағым көп. Дәстүрлі оқу мен онлайнның ортасында жүрген бастауыш мұғалімдеріне жүктеме көбейді.  Интернеттің сапасы да айтыла айтыла жауыр болды.  Депуттатар білім саласындағы жүйесіздікті жою үшін дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек дейді. Олардың сөзінше қазақ елі талай қиындықтарды еңсерді. Бірақ ешуақытта білім ордасы жабылмаған. Ол кездегі беймделу бүгіннен де қиын еді. Соған қарамастан білім саласы ақсаған жоқ. Ал қазіргі жағдай тым басқа. Иә біздің елдегі қашықтан оқыту жүйесін Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейді. Егер оқушылар мен студенттер  бұрыңғы оқу жүйесіне көшпесе білім сапасы нашарлап, балалардың білім алуы құқығы шектеледі. Білім саласындағы былықты тізбектеген депутатттар министрліккке екі талап ұсынды. Бірі қашықтан оқыса білім беру жүйесі  әр оқушыға қолжетімді болу керек. Немесе бұрыңғы дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
18:27, 9 қыркүйек 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар