ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

14:15, 2 шілде 2020

Елорда мен Алматы және Қарағанды қалаларындағы дәріханалар дене қызуын түсіруге арналған дәрілерімен түгел қамтылады. Мұнан соң қажетті препараттар басқа қалаларға да жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Осылайша дәрі тапшылығы мәселесі реттеледі дейді ол. Алайда, бір адамның, дәр-дәрмекті шамадан тыс көп сатып алуына тыйым салынады. Апта соңына дейін  дәріханалар коронавирусқа қарсы қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұрыңғыдай дәріні жаппай сатып алу енді мүмкін емес.  Денсаулық сақтау министрлігі  әкімдіктіктермен және дәрі-дәрмек бойынша бөлшек сауда қауымдастықтарымен меморандум жасасты. Егер отбасында бірнеше адам ауырса ғана препаратты көптеп алуға рұқсат, оның өзінде дәрігер нұсқауы болуы керек.   Бас санитар қаулысына сәйкес, қазақстандықтар жұмысқа шығу үшін пцр тест тапсыруы шарт деген талап жоқ дейді,- вице-министр. Ал осы тестінің құны 800 теңге деп шулаған әлеуметтік желідегі ақпарға сәйкес, 10-15000 теңгенің ішіне зертханалық шығындар, медицина мамандарының қорғаныш киімдері, бір сөзбен айтқан қызмет ақысы  кіретінін айтты. Дәрі бағасын негізгіз көтерген кәсіпкерлер әкімшілік айыппұл арқалауы мүмкін. Пандемия уақытында  вирус жұқтырған 1000нан астам жүкті әйел аман есен босанды. 21 нәрестенің іштен вируспен науқастанған. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Вице министр жерлеу рәсіміне қатысты да  өз пікірін білдірді. Енді вирус жұқтырып қайтыс болғандар жеке емес, бұрыңғы рәсіммен жерленеді. Тек адам саны шектеулі, санитарлық норма сақталуы қажет. Қазір ауруханалар лық толы болғандықтан, үйде емделушілер учаскелік дәрігермен аудио видео байланыс орнатып, маман нұсқауын орындауы керек. ӨЗ бетімен емделу өміріңізге қауіпті екенін естен шығармаңыздар, дейді  вице-министр.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
14:13, 11 тамыз 2020
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар