ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

14:05, 24 қыркүйек 2020

Карантин уақытында тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары 25 пайызға артқан. Салдарынан әлбетте әйелдер мен балалар зардап шегіп жүр. Бүгін мәжіліс мінберінде депутаттары осы мәселені көтерді. Бірінші оқылымда қаралған құжатқа сәйкес енді жәбір көрсеткен адамның үстінен арыз түссе бір жылда бір-ақ рет татуласуға мүмкіндік беріледі.  Екінші рет қайталаса түрмеге қамалады.  Сондай ақ арызданған зардап шегуші мен күдікті азаматты 30 күн бойы жолықтырмау ұсынылды.

Елімізде 8 айдың ішінде  130 мыңнан отбасылық зорлық-зомбылық оқиғалары тіркелген. Олардың 2 жарым мыңы қылмыстық, 30 мыңнан астамына әкімшілік жаза тағайындалады. Ал қалғаны кешірім берген. Енді  заңдағы ұсынысқа сәйкес, жәбірленушінің татуласуына  жылына бір рет мүмкіндік  беріледі. Қайталанса айыпталушы 20 тәулікке дейін  қамауға алынады. Жанжалдың болғаны емес,  болдырмаудың амалын қарастыру керек. Заңда қаралған өзгертудің өзектілігі осы. Яғни, профилактика. Алдымен агресиялық күйдегі отбасы мүшесінің мінез-құлқын түзету үшін  психологиялық моральдық көмекке басымдық беру керек. Бұдан бөлек, отбасылық конфликтіге куә болған туған туыстары, көршілері бірден құзырлы органға хабарлауы тиіс.

Сондай мәжілісте  тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғасына  балалар куә болса жазаны ауырлату ұсынылды.  Соңғы бес айда қаралған істің 10 пайызы сотқа жетіп, тек 3  пайызы жазаланған. Өтініштерін кері қайтарып алушылардың көптігінен зардап шегушілер саны азаймай отыр. Келер жылы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс қимыл жөнінде  ұлттық баяндама әзірленеді.  Құжат осы тақырып аясында қабылданатын шараларды, проблемалар мен шешу жолдарын, статистикалық мәліметтерді және талдауды қамтиды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар