ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

БУКМЕКЕРЛІК НЫСАНДАР БУРАБАЙ МЕН ҚАПШАҒАЙҒА КӨШІРІЛЕДІ

13:35, 14 мамыр 2020

Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады. Барлық кеңселер енді Бурабай мен Қапшағайда шоғырланады. Осындай нормасы бар заң жобасын   Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар 159 өзгеріс енгізген. Сонымен талқыға түскен заң жобасы нені өзгертеді? Құмар ойынға салынғандардың санын азайтуға септігін тигізеді ме? Оңғар Алпысбайұлы айтады. Қазақстанда 350 мыңдай ойынқұмар адам бар екен. Оның басым бөлігі жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігі құмарлықтың құлқынына түсіп кеткендерге «Лудомания» деген диагноз да қойды. Ең сорақысы елде ажырасқан 10 отбасының жетеуіне осы құмар ойын себеп болған. Сондықтан, ойын бизнесіне үлкен шектеулер енгізу жобасы әзірленіп жатыр. Ел арасында букмекерлерді Бурабай мен Қапшағайға көшіру экономикаға ауыр тиеді, салық едәуір қысқарады деген болжамдар да айтылған. Қаржы министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарды. Кеңселер көшірілгенмен бәсті онлайн тігетіндерді тыю мүмкін емес. Сондықтан министрлік арнайы орталық құруды қолға алмақ. Бәс тігетіндер туралы барлық ақпарат та осы орталықта жинақталады. Кімнің қанша ақша салып, қанша ұтқаны да көрініп тұрады. Букмекерлік компаниялардың айналымында жүрген барлық ақша жарыққа шығады. Енді елімізде тек спорттық оқиғаларға ғана ставка қабылданады. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
11:55, 11 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар