ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

БАСҚАРМАЛАР КАРАНТИНДЕ ҚАНША ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕДІ?

14:26, 9 қазан 2020

Облыстық басқармалар карантинге байланысты қанша қаражат үнемдеді? Қоғамдық кеңес отырысы барысында мамандар өңір бюджетінің қайта бөлінуі мен үнемделген қаражаттың қайда бағытталатыны туралы айтып берді. Тақырыпты әріптестерім жалғастырады. Облыстың Қоғамдық кеңесі отырысында талқыланған негізгі мәселелердің бірі – бюджет және оны қайта бөлу мәселесі. Сарапшылар карантиндік шараларға орай бірқатар іс-шаралардың өтпей қалауына байланысты облыстың бірнеше басқармасындағы артық қаражатты есептеді. Сондай-ақ, Сәуле Ұлақова ұлы Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралардың болмауына байланысты облыстың Мәдениет басқармасы 186 млн теңге үнемдегенін айтты. Бұдан бөлек өзге де мемлекеттік органдарда конкурстар өткізілгеннен кейін ірі сомалар жұмсалмаған. Бірақ кейбір ведомстволарда қаражаттың игерілмеу қаупі басым. Үнемделген барлық қаражат қан орталығын жабдықтауға, үй кезегін күткен тұрғындарға, ардагерлер мен жалғыз басты зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетуге, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы мектептің ағымдағы жөндеуіне және басқа да нысандарға бағытталатын болады. Дегенмен, бюджетке түсетін табыстың 1 млрд 300 млн теңгеге төмендеуі де күтілуде. Сондықтан көктемде қалыптасқан жағдайдың қайталануына жол бермеу керек, - деді Владимир Головатюк. Ал бұл көбіне эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕДІ
14:03, 22 қазан 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар