ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады

18:20, 22 мамыр 2020

Армениядан әкелінген көліктер енді уақытша тіркеуге алынады. Бұл туралы Үкіметтің жаңа Қаулысы шықты. Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйекке дейін басқару тұтқасы сол жақта болатын көліктерді тіркеу шарасын қабылдауы тиіс. Мұндай шешім тек елімізге биылғы жылдың 1 ақпанына дейін енгізілген көліктерге ғана қатысты. Жаңа құжатта көрсетілгендей автокөлік иелеріне қосымша салықтар салынбайтын болды. Дегенмен, бұл жеңілдіктер бәріне бірдей емес. Ұлан ауданының тұрғыны Ерасыл Сағиұлы былтыр күзде Арменияға арнайы барып, астындағы темір тұлпарын сатып алған. Әлбетте, көлік бағасының арзандығы қызықтырды. Әрі біздің елде сирек кездесетін марканы алуды бұрыннан ойлап жүрген. Кейіннен армандаған көлігін тіркеуге қатысты біраз проблемамен бетпе-бет келді. Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мәселесі біраздан бері жыр болғаны белгілі. Арзан көлік аламыз деп Арменияға сабылған жұрт та сап тыйылды. Өйткені, темір тұлпарларын тіркеу үшін миллиондап төлем жасау міндеттелді. Енді, міне, жүргізушілер базынасы ескеріліп, тәртіп жеңілдетілді. Тіркеуге де барлық темір тұлпарлар жарамды емес. Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге рұқсат. Қаулыға сәйкес, көлік иелеріне қосымша салық салынбайды. Тек тіркеу жарнасына, куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін 12 мың теңге көлемінде төлесе болғаны.

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
11:35, 28 мамыр 2020
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
КӨЛІК ПЕН ЖҮРГІЗУШІ ҚҰЖАТТАРЫН ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛМАСТЫРАДЫ
14:10, 21 мамыр 2020
КӨЛІК ПЕН ЖҮРГІЗУШІ ҚҰЖАТТАРЫН ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛМАСТЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар