ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚТАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

14:16, 21 қыркүйек 2020

Өңірде шенеуніктердің ауыс-түйісі жалғасуда. Глубокое ауданында жаңа әкім. Бұл лауазымға бұған дейін Өскемен әкімі орынбасарының қызметін атқарған Тамара Рахымжанова тағайындалды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жергілікті жұртқа жаңа әкімді таныстырып, аудандағы нысандарды аралады. Облыс орталығына іргелес жатқан ауданға әкім болған Тамара Рахымжановаға Глубокое таңсық емес. Еңбек жолын осы ауданнан бастап, кейін бірқатар мемлекеттік органдарда қызмет еткен. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жаңа әкімнің жауапты міндетті жауапкершілікпен атқаратынына сенім білдірді. Глубокое ауданы тұрғындарын мазалайтын әлеуметтік мәселелер жетерлік. Кенттегі көпірді жөндеу жылдар бойы көптің көкейінде жүрген проблемалардың бірі еді. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталды. Ескісі көлік ағынын көтермеді. 2018 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін апатты жағдайда деп танылған-ды. Аудан орталығындағы мәдениет үйінің құрылысы да аяқталуға жақын. Бүгінге дейін Глубокое кентінде мәдени нысан болмаған еді. Облыс әкімі үйірмелер, шығармашылық ұжымдар мен секциялар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар, заманауи жабдықтармен жарақталған кинотеатр болады. Аймақ басшысы аудандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ахуалымен танысты. «Майлы дақылдарды өңдейтін жаңа кәсіпорынның іске қосылғаннан кейін біздің өңір шикізатты емес, дайын өнімді экспорттайтын болады» деді Даниал Ахметов. Айта кетейік, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экспорттық әлеуетті арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған шаралар.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар