Шығыс Қазақстан – кең байтақ еліміздің інжу-маржаны іспеттес өңір

19:03, 29 тамыз 2016

Бұл теңеу оның таңғажайып табиғатына ғана емес, барша бітім-болмысына, тамаша адамдарына да тікелей қатысты.

 

Расымен, шырайлы Шығыс жері талайды табиғатымен тамсандырған ғажайыптар мекені. Кең байтақ Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан облыс жерінің асты да, үсті де байлыққа толы. Ел экономикасын нығайтуда Шығыс Қазақстанның үлесі зор. Өйткені, өр Алтай елі қашанда өндірісімен өктем. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын Шығыс Қазақстан толайым табыстармен қарсы алмақ. Соңғы жылдары туризм класстері қарқынды дамып келеді. Иә, кенді Алтайдың кестелі келбетіне көз тоймайды. Аспанмен таласқан асқаралы шыңдары, еркелей аққан өзен-көлдері мен ну орманы, жазығы таңдай қақтырмай қоймайды. Бастысы Шығыс жері төскейде малы, төсекте басы қосылған, барға қанағат, жоққа салауат айтатын жайсаң жұртымен бай. Қияға қырандай самғаған сол жұрттың әмәнда тілегі бір – тірегіне айналған Тәуелсіздік мәңгі болғай.

Топтың атауы: EAST.EAGLE

Режиссер: Азамат Есенжолов

Редактор: Меруерт Расулова

Монтажер: Эльдар Такатов

Оператор: Жігер Бабаканов, Ерлан Кудербаев


 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...