ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ЖҮГІНУШІЛЕР САНЫ АРТТЫ

15:14, 26 маусым 2020

Семейде коронавирус пандемиясына байланысты жедел жәрдемге жүгінушілер саны артты. Қазіргі уақытта жергілікті емханалар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкендіктен, негізгі салмақ жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне түсуде. Бір тәулік ішінде ғана диспетчерлер мыңға жуық шақырту қабылдайтын көрінеді.

Өткір вирустық аурулар маусымы артта қалғанымен, жедел жәрдемге жүгінушілер саны азайған жоқ. Бұл коронавирус пандемиясының әлі де болса азаймағанына байланысты. Қаладағы жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің айтуынша өткен бір тәуліктің ішінде ғана 934 шақырту түскен. Олардың 144-і жедел респираторлық вирустық инфекция, 68-і пневмония және 33 шақырту тонзиллитке байланысты тіркелген. Бір сөзбен айтқанда, қазірде жедел медициналық көмекке жүгінушілер саны көбейген. Жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде шақыртуларды бағыттау жұмысы 5 минутқа қысқарды. Бір минут ішінде диспетчер шақыртудың шұғыл санатына байланысты бригаданы жібереді. Яғни, жедел жәрдем көлігінің шақыртуға бір сағат уақыт мөлшерінде жетуі мүмкін. Бұл науқастың 4 санаттың ішінде қайсысына жататындығына байланысты. Дегенмен, қазірде іс-әрекеттердің барлығы науқастың жағдайына байланысты жүзеге асады. Сондықтан, бригаданың бірден бір үйден екінші шақыртуға жөнелтілуі мүмкін. Өткен жылдан барлық шақыртуларды Семей қаласындағы жедел жәрдем қабылдайды.  Мұнда заманауи талаптарға сай байланыс орталығы құрылған. «Көмек» ақпараттық жүйесінің арқасында диспетчер қоңыраудың қай ауданнан немесе ауылдан түскенін анықтай алады. Ал жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы науқастың медициналық тарихын көруге болады. Сондай-ақ, кейбір шақыртулар бойынша кеңестерді ауысымның аға дәрігерлері телефон арқылы береді. Станцияда жиыны 4 ауысым бар. Әрқайсысында шақыртуларды қала тұрғындарынан қабылдайтын 8 диспетчер жұмыс істейді. Ал қосалқы станцияның 3 диспетчері аудан, қалалардан түсетін шақыртуларды сол жерде қызмет көрсететін бригадаларға бағыттайды. Ауысымның аға дәрігері және бөлім меңгерушісі әр шақыртуды арнайы орнатылған мониторлар бойынша қадағалайды. Мұнда түскен шақыртуларды және көліктердің қозғалысын GPS-навигаторлар арқылы көруге болады. Бұдан бөлек, санавиация да бар. АН-2 ұшағында бригада құрамы өзгеше. Онда белгілі бір сала мамандары жұмыс істейді. Дәрігерлердің басты мақсаты- уақытында жетіп, адам өмірін сақтап қалу.

Тақырып бойынша материалдар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
17:40, 24 қыркүйек 2020
КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...