ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ

17:54, 25 маусым 2020

Қазіргі кезде короновирус инфекциясының таралуына байланысты дәрігерлерге жүктелген міндет артып отыр. Бұл ретте жедел медициналық қызмет көрсетушілердің де тәулік бойы жауапты жұмысты абыроймен атқарып жүргенін ескерген абзал.

Індетке шалдыққан азамат не істеуі керек? Коронавирус туралы ақпаратты және одан сақтану жолдарын кімнен, қайдан білуге болады? Осы сауалдардың жауабын анықтау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік. Өскеменде денсаулық сақтау мәселесі бойынша тұрғындарға кеңес беретін арнайы орталық жұмыс істейді. Қызметі 2016 жылы құрылған орталыққа күніне 500 ден астам қоңырау түседі. Ағымдағы жылғы көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, түрлі мәселе бойынша жарты жыл ішінде 45066 тұрғын хабарласқан. Соның ішінде дәрігерлер қабылдауына жазылғандар саны 18596. Бұл жерде мамандар кез-келген мәселе хабарласқан тұрғындарың сауалына  жауап береді.  Дерттің өршуі салдарынан дәрігерлер көмегіне жүгінетін тұрғындар саны соңғы уақытта артқан. Облыс орталығындағы жедел-жәрдем ауруханасындағы бірыңғай коол орталыққа қоңыраулар үзіксіз түседі. Жедел-жәрдем қызметкерлері азаматтар негізінен дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған кезде хабарласатындығын айтады. Бұл жерде қоңырауға жауап беретін 15 диспетчер жұмыс істейді. Олар тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Жедел-жәрдем ауруханасында тәулік сайын қызметке түсетін диспетчерлерден бөлек дәрігерлер де кезекшілікте болады. Мұндағы мамандар арнайы киім-кешекпен қамтылған. Әр шақыртудан келген бетте дәрігерлер мен жедел-жәрдем көлігіне дезинфекция жасалады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...