ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА? Толығырақ

ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

14:15, 3 қараша 2020

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық автокөлік парктері осы өңірде шығарылған 60 жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты. Облыстық бюджет қаражатына сатып алынған жаңа жедел жәрдем көліктерін аймақ басшысы Даниал Ахметов жеке қарап шықты. Басты ерекшелігі жедел жәрдем көліктері жергілікті "СЕМАЗ" ЖШС-інде шығарылған. Олар ШҚО және Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханаларының станцияларында сап түземек.  Аймақ басшысы жақын арада облыстың қалалары мен аудандарындағы барлық жедел жәрдем бөлімдеріне жол тартатын бұл отандық өнімге оң бағасын берді.Санитарлық автокөліктер халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Олар шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған өкпені жасанды желдету аппараттарымен , ЭКГ, дефибрилляторларын, пульсоксиметрлермен, медициналық төсеммен және басқа да қажетті аппараттармен толық қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін медициналық ұйымдарға жалпы саны 216 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Айта кетейік, шалғай ауылдардағы тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынып, берілді. Атап айтқанда, Риддер қаласы, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Глубокое, Абай, Жарма, Көкпекті, Бесқарағай, Шемонаиха аудандарына.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар