ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

17:21, 30 маусым 2020

Денсаулығы сыр берген адам дәрігерге жүгінсе, енді бірі өздігінен үйде ем жасауы мүмкін. Ал дәрігердің нұсқауынсыз кез-келген дәріні ішуге бола ма және мұның салдары қандай?

Індеттің таралуына байланысты өңір тұрғындары жаппай антивирустық антивирустық антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектерді сатып ала бастады. Алайда Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиеваның айтуынша, дәрілерді қатаң негізде тек қана дәрігер нұсқамасына сай  қабылдау қажет. Вирус өкпе, ас қорыту жүйесін зақымдап, пневмония белгілері айқындалады. Құрғақ жөтел пайда болып, кеуде тұсы ауырады. Қақырық жоғалады. Дәрігерлер осындай ауру белгілеріне бактериалды инфекция қосылған жағдайда антибиотиктерді тағайындайды. Қақырық шығару мүмкін болмай, науқастың халі нашарлай бастаған кезде, ағзадағы вирус одан әрі дамып, екінші деңгейге көшеді. Дене қызуы көтеріліп, ауру белгілері үдей түседі. Аурудан сақтанудың ең тиімді әдісі – адам көп шоғырланған жерлерге бармай, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Ал  денсаулығыңыз сыр беріп, коронавирусқа шалдықтым ба деген күмәнді ой мазаласа, бірден тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша  учаскелік дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...