ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

17:55, 7 тамыз 2020

Тамыз айында республика көлемінде  «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алды. Аталған бастама өңірде де жүзеге асырылуда. Мәселен ,Семей қаласы Полиция басқармасының нашақорлыққа қарсы  күрес бөлімі мамандары фармацевтикалық қызмет тәртібін бұзу фактісін тіркеді.Тексерулердің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

Жедел алдын-алу шарасы кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі тексерілді. Тінту барысында серіктестік жүргізушсінің автокөлігі мен қоймадан  84 қорапқа оралған түрлі дәрі-дәрмек, 27 полэтилен пакеттері мен табылған ем-дом туралы жазбалар тәркіленді. Қазіргі уақытта іс материалдары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне кәсіпкерді Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің  426-бабының 1-тармағы «Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау» және 464-баптың 1-тармағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын  бұзу бойынша жауапқа тарту негізінде жіберілді.

Тақырып бойынша материалдар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
17:40, 24 қыркүйек 2020
КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...