ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

"ТҰЗДЫ ҮҢГІР" ТҰМАУДАН ҚОРҒАЙДЫ

13:46, 14 қыркүйек 2020

Өскемендегі балабақшалардың бірінде «тұзды үңгір» бөлмесі ашылды. Мақсаты - суық тиюден сақтану, тұмауға қарсы балғындардың иммунитетін арттыру. Бүлдіршіндер 15-20 минуттан он сеанс қабылдайды. Бөлменің қабырғасы мен едені тегіс тұздан жасалған және  натрий хлоридінің құрғақ аэрозолін шашып тұратын галогенераторлар орнатылған. Тұзды бөлме  - табиғи тұзды үңгірдің баламасы. Оның  емдік қасиеті бұрыннан белгілі.  Тұзды бөлмеге жиі келетін адамдар бронхит, жүрек аурулары, невроз, демікпе және аллергия сияқты аурулардан айығады.  Сондай-ақ, тыныс жолдарын микробтардан қорғайды. Балабақша басшысының айтуынша, басқа әріптестері де тұзды бөлмеге қызығушылық танытуда. Балалар мұнда ем қабылдаған уақытта бос отырмай,  ой-өрісті кеңейтетін танымдық ойындар ойнайды. Білім беру мекемесіндегі бұл жаңашылдыққа ата-аналар дән риза.  «Тұзы үңгірді» медициналық тілде галокамералар деп те атайды. Бүлдіршіндерге арнап ашылған бөлме іші дезинфекцияланып, әр сеанс сайын тазаланып отырады.  Әдетте ата-аналар баланы мұндай бөлмеге иммунитетті көтеру мақсатында апарады. Бұл үшін алдымен дәрігер кеңесін алып, ешқандай қарсы көрсетілімі жоқ екендігін жіті тексереді.

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19: ӨСКЕМЕН ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
13:44, 14 қыркүйек 2020
COVID-19: ӨСКЕМЕН ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар