ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Түркиялық мамандар шеберлік сабағын өткізді

21:56, 18 шілде 2017

Облыстық «Ана мен бала орталығында» Түркиялық мамандар тобы «Нәрестелер реанимациясы» бағдарламасы бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Үздік шетелдік дәрігерлер үш күн бойы қазақстандық әріптестеріне денсаулық сақтау саласындағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы айтып, нәрестеге жылдам әрі тиімді көмек көрсету жолдарымен бөлісті.

Оқытуға арнайы шақыртылған қонақтар арасында Түрік Республикасының алдыңғы қатарлы Медициналық ғылымдар Университетінің профессоры Дэрья Буюккайхан, Стамбұл медициналық университеті ауруханасының доценті Ильке Мунган Акын және педиатр-дәрігер Ширин Гювен бар. Шеберлік сабағына Шығыс Қазақстанның барлық аудандарынан мамандар қатысты. Шеберлік сабағында нәрестелерге жансақтау бөлімінде көмек көрсету бойынша дәріс пен тәжірибе қатар жүргізілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар