
Кене энцефалитін жұқтырғандар әзірше жоқ.
Облыста кене энцефалитінің табиғи ошақтары дейтін 8 аумақ бар. Зырян, Өскемен, Ұлан, Шемонаиха, Көкпекті және Самар аудандары. Басқа аудандарға қарағанда кене энцефалитімен ауырғандардың саны Риддер және Катонқарағайда жиірек тіркеледі. Өрмекші тұқымдастар негізінен шөптесін жерлерде жиі кездеседі. Медицина өкілдері қауіпсіздік шараларын сақтауды, әсіресе табиғат аясына шыққанда абай болуды ескертеді.