ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

СЕМЕЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

13:44, 16 қазан 2020

Семейдегі №6 емхана жанынан медициналық оңалту орталығы ашылды. Емдеу мекемесі ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Оның ресми ашылуы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының жетекшісі Ғалымжан Әбіловтің қатысуымен өтті. Орталық қала халқына ғана емес, ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

№6 емхана жанынан ашылған медициналық оңалту орталығы ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған болатын. Денсаулық сақтау басқармасы мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы басшыларының қатысуымен ресми ашылуы өтті. Қонақтар орталықпен танысып, материалдық-техникалық базасын көрді. Қазір Қазақстанда науқастарды оңалтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта Семейде тағы да бірқатар нысандар ашылмақ.

Әсіресе, коронавирустық пандемия кезінде оңалту орталықтарының жұмысы ерекше маңызды, - дейді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының жетекшісі. Орталық науқастарға оңалтудың 3-кезеңі бойынша медициналық көмек көрсету мақсатында заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Яғни, инсульт алған, нейрохирургиялық ота жасалған, миокард инфарктісін бастан өткерген және жүрек-қан тамырларына ота жасалған науқастарды, сондай-ақ ортопедиялық және травмотологиялық патологиясы бар адамдарды емдейді. Орталықта реабилитолог, невропатолог, кардиолог, травматолог, психолог, логопед-дефектолог, физиотерапевт, жаттығу терапиясының нұсқаушысы сынды тәжірибелі, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап орталықта 300-ден астам адам кешенді ем қабылдаған. Мұнда тек қалалықтар ғана емес, облыстың ауылдық жерлерінің тұрғындары да оңалту курсынан өте алады. Медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы басшылығының айтуынша, ағымдағы жылы медициналық  оңалту қызметтерін қаржыландыруды 9 есеге көбейту көзделіп отыр.  Осылайша, тұрғындарды аурудан немесе алған жарақатынан оңалту үшін ақысыз әрі  кәсіби көмек алатындай жағдай жасалуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар