ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

12:54, 30 қазан 2020

Семей қаласының қан орталығында иммундық плазманың 976 дозасы дайындалды. Бұл өңір бойынша белгіленген норманың 90 пайызын құрайды. Орталық қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда, облыс бойынша 3500 доза иммундық плазма әзірленуі қажет болса, оның 1200-і Семей қаласына тиесілі. Семейде иммундық плазма қорын дайындау шілде айынан басталды. Коронавируспен ауырып жазылған кез келген азаматтың донор болуға мүмкіндігі бар. Науқан басталғалы бері 2000-ға жуық адам плазма тапсыруға ниет білдірген. Алайда олардың барлығы бірдей донор бола алмайды. Бұл үшін алдымен антиденеге сынама алынып, сараптамаға жіберіледі. Иммундық плазма қан құрамында вирусқа қарсы антидене жеткілікті мөлшерде болса ғана алынады. Қан орталығы дәрігерлерінің айтуынша, бүгінгі күні 329 адам донор болған. Нәтижесінде 976 иммундық плазма дозасы дайындалды. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда облыс бойынша барлығы 3500 доза иммундық плазма әзірленуі керек. Оның 1200-і Семей қаласында тиесілі.  Қазір өңірімізде белгіленген лимиттің 90 пайызға жуығы орындалған. Жалпы иммундық плазма коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге қолданылатыны белгілі. Орталықта жинақталып жатқан қор қажет болған жағдайда ауруханаларға жіберіледі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан республикадағы барлық қан плазмасының 70 пайызын жинаған жалғыз аймақ. Бүгінде облыс бойынша 2 900-ге жуық қан плазмасының дозасы дайындалған.

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...