ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТАЛА БАСТАДЫ

13:40, 13 қаңтар 2021

Семейде эпидахуал тұрақтала бастады. COVID-19 індетін жұқтырғандар саны азайып келеді. Бұл туралы Семей қалалық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Берік Тілебалдин мәлімдеді. Өткен жылдың 31 желтоқсанынан бері шаһарымызда 200-ден астам адамнан коронавирус індеті анықталған. Инфекция жұқтыру жиілігі өткен кезеңдермен салыстырғанда төмендеді, - дейді басқарма басшысы. Сондай-ақ,  бүгінде қала бойынша коронавирус жұқтырған 36 адам стационарлық ем қабылдауда.

Семейде қаңтар айының басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Қалалық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, жаңа жылдың басынан бері 221 науқастан инфекция анықталған. Бұл өткен кезеңдермен салыстырғанда 115 адамға аз, - дейді басқарма басшысы Берік Тілебалдин. Жалпы, елімізде COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелгеннен бері Семейде 4 139 адам індет жұқтырған. Оның 409-ы бала. Қазіргі таңда қалада 36 адам стационарлық ем қабылдауда. Олардың барлығы қажетті ем домдарын алып жатыр. Берік Тілебалдин Семейде эпидахуал тұрақтала бастағанымен, арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін айтады.

Өткен жылы Семейде жасақталған мониторингтік топ карантиндік шектеу шараларының сақталуын тексеруді жалғастыруда. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес әлі де көпшілік іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді. Өткен жылдан бері санитарлық талаптарды бұзған заңды және жеке тұлғаларға қатысты 159 әкімшілік хаттама толтырылып, 28 млн 815 мың теңге айыппұл салынған. Соған қарамастан, заң бұзушылық фактілері әлі де тіркелуде.

Басқарма мамандарының ақпаратына сәйкес, Семейде санитарлық талаптардың сақталуын 15 мониторингтік топ қадағалауда. Бүгінгі күнге дейін, 765 рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 242 заң бұзушылық анықталған. Қаңтар айының басынан бері санитарлық ережені сақтамай, жабық мекемеде бетперде кию тәртібін бұзған 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
13:36, 20 қаңтар 2021
ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...