ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Салтанатты марапаттау

13:33, 18 мамыр 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Сапар аясында елдің бас дәрігері медицина қызметкерлерімен кездесіп, пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күрескен дәрігерлерді салтанатты түрде марапаттады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавирус індетіне дайындалу үшін отандық мамандардың уақыты болды. Медицина қызметкерлеріне тренингтер, шеберлік сағаттары, семинарлар ұйымдастырылды. Біздің ел көрші мемлекеттер мысалында көп нәрсені үйренді. Денсаулық сақтау министрі пандемия кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. COVID-19 қарсы күреске белсенді қатысқаны үшін 19 медицина қызметкеріне "ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар