ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНА ТАЛАП КҮШЕЙДІ

13:50, 26 қазан 2020

Облыс орталығында санитарлық талаптар күшейтілгенімен, ержеге бағынбай жүргендер бар. Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы мониторингтік топ қоғамдық көліктерде, шағын және орта бизнес нысандарында масқалық режим мен санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейд жүргізді.  Аймақта коронавирустық инфекция тіркелген уақыттан бастап, облыс әкімінің тапсырмасы аясында мониторингтік топтар құрылған болатын. Мониторингтік топтың  мақсаты Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ережелердің орындалуын қамтамасыз ету. Санитарлық талаптар тізбегінде бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау шаралары қамтылған. Бұған дейін ережеге бағынбағандар тек ескерту ғана алып келген. Ендігі уақытта карантин режимі күшейтілгеннен кейін талапқа бағынбағандарға айыппұл салынуда. 

Айыппұл көлемі әр тұлғаға бекітілді. Мөлшері де аз емес. Дегенмен, карантин талаптарына салғырт қарап, өзінің ғана емес айналадағы адамдардың қауіпсіздігін ысырып тастағандар бар. Мәселен, қоғамдық көліктерде мониторингтік топты көрген тұрғындар ескерту жасалғаннан кейін бірден бетперделерін бірі сөмкеден, бірі қалталарынан іздей бастады. Ал бетпердені мүлде ұмытқандар айыбы үшін айыппұл арқалап кетті. Ал мониторингтік топ мүшелері өз кезегінде тұрғындарды инфекцияның таралуына жол бермес үшін бірлесе күш жұмсауға шақырады. Рейд барысында сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері де тескерілді. Санитарлық талаптарды бұзу фактілері мұнда да тіркелді. Мәселен, мына дүкенде едендегі залалсыздандырғыштың алмастырылмағанына біраз уақыт болған сыңайлы. Өзге дүкенде мұндай құрал мүлде жоқ. Шара барысында 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 8-і жеке тұлғаларға, 2-і кәсіпкерлерге қатысты. 

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...