ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Сақтық шаралары жалғасуда

14:17, 3 маусым 2020

Өңірде карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен қоғамдық көліктердегі санитарлық тазалық шаралары әлі де басты назарда. Себебі көпшілік жүретін автобустардағы міндеттелген негізгі талаптарға мән беру маңызды. Осы және өзге де санитарлық нормалардың орындалу барысын мамандар арнайы жүргізілген рейд барысында анықтады. Аймақта шектеу шаралары біртіндеп жеңілдегенімен, қоғамдық көліктердегі санитарлық тазалықтың сақталуына әлі де аса мән берген жөн. Бұл мамандардың пікірі. Әр қоғамдық көлік күнделікті 3-4 рет  дизенфекциялаудан өтіп, соңғы аялдамаға аялдаған сайын тазалық шарасына назар аударады. Арнайы мамандардың қатысумен жүргізілген рейд соның айқын көрінісі. Алайда, қоғамдық көліктердегі маскалық режимнің сақталмауы, сақтық шараларына бей-жай қарауы алаңдатады дейді қоғамдық көлік кондукторы. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде короновирус инфексиясын алдын-алу жөніндегі шаралар мамандар тарапынан жіті бақылауға алынған. Мәселен, әрбір соңғы аялдамада қолданылған медициналық бетперделер мен қолғаптарды  салатын арнайы ыдыс қойылған. Бүгінде облыста шектеу шараларын жеңілдету кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанына қарамастан әліде медициналық бетперде тағып жүру әр адам денсаулығы үшін маңызды дейді ммамандар. Әсіресе, көпшілік жүретін жерлерде осы бір қарапайым ережені естен шығармаған абзал.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар