ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

«QOLDAU 24\7» ҚОСЫМШАСЫ

12:23, 23 қазан 2020

Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, бірақ тұрақты мәртебесі жоқ азаматтар не істеуі керек? Бұл жағдайда оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іске қосқан «Qoldau 24\7» мобильді қосымшасы көмектеседі. Ол арқылы әртүрлі себептерге байланысты міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін жоғалтқан тұрғындар уақытша мәртебесін ресімдеп, тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлеміне енетін барлық қажетті қызметтерді алуларына болады. Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап, тұрғындар мәртебенің болуы медициналық көмекті алуға мүмкіндік беретініне көз жеткізді. Алайда, оны барлық азаматтар алған жоқ. Сондықтан, емханаға жүгінген кезде олар қиындықтарға тап болады. Бұл әсіресе пандемия кезінде, азаматтар мемлекеттік төлемдерді рәсімдеу кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өздерінің сақтандырылған мәртебесін жоғалтқан кезде өзекті болды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іске қосқан «Қолдау 24\7» мобильді қосымшасы осындай мәселелерді шешуде халықпен тікелей байланыс орнатуды көздейді. Сондай-ақ, қосымша арқылы пациенттер дәрігерлерге ризашылықтарын білдіріп, шағымдарын немесе ұсыныстарын қалдыра алады. Сонымен қатар, «Қолдау 24\7» қосымшасы арқылы медициналық көмек немесе кеңеске жүгінуге мүмкіндік беретін уақытша мәртебе алуға болады . Айта кету керек, уақытша мәртебе бір ай мерзімге беріледі. Содан кейін азаматтар тиісті органға өтініш беріп, тұрақты мәртебені рәсімдеуі керек. Уақытша мәртебе болу үшін ұялы телефонға «Қолдау 24\7» қосымшасын жүктеп, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелу қажет. Бұдан әрі пациент қажетті санатты таңдап, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ өзі тіркелген медициналық мекемені көрсетуі тиіс.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда қосымшаны студенттер де белсенді қолданады. Бүгінгі таңда ел бойынша бұл қосымшаны 117 мыңнан астам қолданушы жүктеген. Қосымшаның үлесіне медициналық сақтандыру қорына түсетін өтініштердің 50%- ан астамы тиесілі. Күн сайын "Qoldau-24/7" қосымшасына 1 800-ден астам азаматтан өтініш түседі. Ең жиі қойылатын сұрақтардың арасында сақтандыру мәртебесі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдерді төлеу тәсілдері мен мөлшері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енетін қызметтер және емдеу мекемелеріне тіркелуге қатысты сауалдар бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...