ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ПЕРЗЕНТХАНА БӨЛІМІ КЕҢЕЙДІ

12:56, 14 қазан 2020

Күршім ауданындағы перзентхананың жұмысы жанданады. Бұған дейін жүкті аналардың басым көпшілігі облыс орталығына жіберілетін. Енді олар ат арытып Өскеменге бармайды. Перзентхананың қызмет аясын кеңейту үшін бюджеттен 32 млн теңге қаражат бөлінген. Күршім ауданында жылына 300-ден астам бала дүние есігін ашады. Жергілікті аурухананың небәрі 60-70 жүкті ананы қабылдауға мүмкіндігі болған. Себебі аяғы ауыр аналардың көпшілігі потологиямен тіркеледі. Ал аудандық ауруханада мұндай аналарды босандыруға мүмкіндік болмаған. Салдарынан 100-ден астам ана облыс орталығына жолаушылайтын. Енді бұл мәселе оңынан шешілмек. Перзентхананың жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал жалпы күршімдік аналардың ахуалы: Жалпы Күршім ауданы мен Марқакөл өңірінде халыққа қызмет көрсететін 7 амбулатория мен 33 медициналық пункт бар. Ауруханаларда барлығы 69 дәрігер, 233 мейірбике жұмыс істейді. Биыл тағы бес жас дәрігер ақ халаттылардың санын арттырған. Аудандық аурухана басшысы кадр мәселесі жоқ дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар