ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

18:53, 30 шілде 2020

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген шетелдік дəрігерлер өңірдегі коронавируспен күресу жолындағы емдеу әдісін жоғары бағалады. Ауруханаларды аралап, жұмыс барысымен танысты. Татарстан республикасынан келген дәрігерлер тобында ресейлік медицина қызметкерлері де  бар. Оларды Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин бастап келді.
Дәрігерлер тобы  екі күн бойы шығысқазақстандық  әріптестеріне онлайн түрде кеңес берді.  Арнайы құрылған чатта жетекші мамандар коронавирусқа шалдыққан ауыр  жағдайдағы науқастарды емдеу тəртібін пысықтады. Айта кету керек, чат жұмысы əлі де тоқтамайды. Шетелдік мамандар əр науқастың ауруханаға түскеннен бастап іске қосылатын  емдеу механизмі  мен ауруханаларды қажетті дəрі-дəрмекпен қамту үшін құрылған тұрақтандыру қорларына жоғары баға берді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Татарстан республикасы мен шығысқазақстандық дәрігерлердің ортақ жұмыс нәтижесі негізінде арнаулы технологиялық құжат құрылатынын айтты. Жұқпалы індетпен күресуге атсалысқан дәрігерлер тобы бір айдан кейін өңірге қайта келіп, тағы бір мәрте тәжірибелерімен бөлісуге шақырды. Жалпы, қазіргі уақытта облыс бойынша ауруханалардағы төсек-орын жабдықталуына үлкен мəн берілген.   Мəселен, 196 ИВЛ, 57 цифрлық рентгенге қосымша тағы 50 ИВЛ, 10 рентген алынады. 465 оттекті концентранттар үстіне тағы 277-сі жеткізіледі.  Сонымен қоса, балаларға арналған тыныс алу құрылғылары бар. Жедел жәрдем көлігі 217 бірлікке толығады. Барлығы да халықтың амандығы үшін қолға алынған. кешенді жұмыс.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар