ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ОТТЕГІ ҚҰРЫЛҒЫСЫН СЫЙЛАДЫ

14:20, 9 қыркүйек 2020

Біз біргеміз. Осындай ұранмен «Востокцветмет» ЖШС коронавирус індетімен күреске өз үлестерін қосуда. Мәселен, аталған компания Шемонаиха аудандық орталық ауруханасының Усть-таловка ауылдық бөліміне оттегі құрылғысын алып берді. Оттегі станциясы бүгінде стационарға орнатылған.  «Востокцветмет» ЖШС 12 млн.ға жуық қаражатқа ауданға қарасты  Усть-таловка ауылындағы мекемеге оттегі станциясын алып берді. Аталған құрылғы елдегі ауруханаларда зор сұранысқа ие. Жанашыр жандардың бастамасымен алынған оттегі құрылғысының арқасында мамандар медициналық қызмет көрсету сапасы анағұрлым артатынын айтады.  «Востокцветмет» ЖШС қайырымдылық шараларынан еш уақытта шет қалған емес. Компания өкілдері облыстағы өзге медицина мекемелеріне үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар