ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАУІПТІ ҚАЛДЫҚТАР ТАБЫЛДЫ

21:32, 14 сәуір 2017

Облыс орталығында емдеу мекемесі маңынан медициналық қауіпті қалдықтар табылды.

Оны экологиялық патруль рейд барысында анықтаған.  Дәке орауыштары, бөтелкелер мен дәрі-дәрмек қаптамалары қоқыс контейнерлердің ішінен табылған. Айта кетейік, экологиялық қауіпсіздік орталығы жаңа жобаны іске қосқан болатын. Сәуір айының басынан бері  қоғамдық бақылаушылар күнделікті қала ішін аралап, шағын кәсіпорынндар мен мекемелерді, жылу қазандықтары мен қоғамдық тамақтану орындарын, өзен суларының тазалығын назарда ұстайды. Кезекті рейд барасында медициналық қалдықтарға немқұрайлы қараған жағдай анықталды. Бұл жағдай облыс орталығындағы емдеу мекемелері бірінің аумағынан байқалған. Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцеваның айтуынша, қазір аталған мекеме аумағы ерекше бақылауда. Белгілі болғандай, табылған медициналық қалдықтар «В» тобына жатқызылады. Науқас адамдармен тікелей байланыста болған бұндай материалдар түгелімен жойылуы керек болатын. Аталған қалдықтар қай орынға тиесілі, кім оған жауапты екендігімен арнайы мамандар айналысып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар