Өскеменде көктайғақтан 300-дей адам жарақаттанды

Наурыздың басында ауа райы жыли бастап, айдың ортасында күн күрт суыды.

21:58, 15 наурыз 2017   282

Бір тәулікте травматологиялық пунктке орта есеппен 70-80 адам түскен. Олардың көбі көшеде, аулада, аялдамада жарақат алғандар,-деді травматолог-дәрігер Александр Кузин.

Науқастарды диагностикадан өткізгенде көпшілігінің қимыл-тірек органдары сынған, шытынаған, шыққан, сіңірі созылған. Көктайғақ үстінде жүрген қала тұрғындарының коммуналдық қызметке көңілдері толмайды.

- Күнделікті жаяу жүргіншілер жолын, өтпелерін, автобус аялдамаларын қар мен мұздан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көшелерге құм себілуде, - дейді Өскемен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24