ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Өскеменде балалар ауруханасы құрылысының жобасы қайта қаралады

21:56, 10 сәуір 2017

Бұл жөнінде облыс орталығындағы медициналық мекемелер құрылысы жөнінде өткен көшпелі отырыста айтылды.

200 орынға шақталған балалар ауруханасының жобасы 2013 жылы әзірленген. Бүгінде оның сметалық құжаты өзгертуді талап етеді. Оның архитектуралық-құрылыс бөлігі өзгеріссіз қалады. Бұған жауапты «Элхон» компаниясы жұмысқа кірісті. Ол үшін 570 миллион теңге қаражат бөлінген. Биыл ғимараттың шатырын көтеру қолға алынса, келер жылы нысанды толығымен пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қажет.
Аймақ басшысының айтуынша, қаржы мәселесі шешіледі, тек құрылыс жұмыстары  жанданса болғаны. Аталған нысан құрылысы Өскемендегі «Ана мен бала» орталығының жұмысын жеңілдетіп, осы саладағы жұмыс сапасын арттырады. «Ағымдағы ауру түрлері осы ауруханада емделуі тиіс. Ал, «Ана мен бала» орталығы аса ауыр ауру түрлерін әлемдік стандартқа сай емдейтін бірегей мекеме болуы қажет,- деді Даниал Ахметов. Ол үшін ағымдағы жылы 50 дәрігер біліктілігін арттыруға жарты жылға шетелге жіберіліп, медициналық мекеме барлық қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар