ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ОРТАЛЫҚҚА 28 ЖАС МАМАН КЕЛДІ

18:10, 24 қыркүйек 2020

Кадры жоқтың қадірі де жоқ. Бүгінде кадр тапшылығы еліміздің бірқатар медициналық мекемелері үшін бас ауыртар проблемаға айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиологтар секілді мамандарды даярлаудың маңыздылығына тоқталды. Облыстық «Ана мен бала орталығында» кадр мәселесі шешімін тапқан. Биыл орталыққа 28 жас маман келеді. Анастасия Лахно осында екі жылдан бері балалар дәрігері болып жұмыс істейді. Ол мектепте оқып жүрген кезінен дәрігер болуды армандапты. Жас мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу де қарастырылған. Сонымен қоса олардың біліктіліктерін арттырып, білімдерін жетілдіру мәселесі де басты назарда.   «Ана мен бала орталығының» мамандары Еуропаның ең үздік деген клиникаларына барып, білімдерін жетілдіреді. Ауруханалар заманауи озық үлгідегі соны техникамен жабдықталған. Дәрігерлер жыл сайын науқастарды емдеудің жаңа әдіс-тәсілдері мен диагностикасын меңгеруде.  Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде орталықта дәрігерлерге сұраныс жоқ.  Соңғы үш жыл ішінде аурухана ерекше сұраныстағы  мамандармен толықты.

Тақырып бойынша материалдар

СЕМЕЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
13:44, 16 қазан 2020
СЕМЕЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар