ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОНКОЛОГИЯДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

17:30, 20 қараша 2020

Соңғы үш айда 10 емделушіге инфузионды порт системалары қойылды. Шетелде іс-тәжірибеден өткен облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы дәрігерлерінің жетекшілігімен науқастарды емдеуде имплантты порт-системалар мен ПИК катеторлары қолданылуда. Онкология саласына енгізілген заманауи емдеу әдіс туралы келесі сюжеттен көріңіздер.Мамандардың айтуынша, химиятерапиялық дәрі-дәрмектің ағзаға тигізер зияны көп. Сонымен қоса кейде тамырды дәл тауып, көктамырға енгізу қиынға соғады. Бүгінде орталық дәрігерлері осы мәселенің шешімін тапқан. Инфузионды порт системасын жүйелі түрде қолданады. Осы әдістің арқасында веноздық катетордың қайталама инъекциясы кезінде туындайтын некроз, флебит, экстравазация сияқты күрделі асқынулар болмайды. Мұндай шара ұзақ уақыт бойы химия терапия бойынша ем қабылдап жүрген адамдарға тағайындалады. Ота жасау бөлмесінде жергілікті анестезиямен, УЗИ құрылғысының бақылауымен қойылады.Жаңа емдеу әдісін қолданушылардың бірі - Бәтін Қожахметова. Ол алдағы уақытта химия терапия бойынша бірнеше сеанстан өтеді. Бұл - екінші рет ем қабылдауы. Дәрігерлер емделушілердің денесіне еш зақым келтірместен, әрі жеңіл жүргізілетін үрдіс келесі жылы тағы 50 адамға қойылатынын айтты. Көктамырға тікелей орнатылатын имплантты порт системалар мен катеторлар қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...