ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН

17:02, 18 қараша 2020

Өскемендегі аутизм және сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту  орталығы жабылуы мүмкін. Өйткені аймақтағы  ішкі аудит департаменті  дәл осы  мекемемен келісім шарт арқылы жұмыс істейтін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік тапсырыс бойынша өткізілген тендердің қорытындысын тексерген. Нәтижесінде құжатқа қатысты қателіктерді анықтайды. Дегенмен мекеме қателіктерді бірден жөндейді. Алайда оған қанағаттанбаған ішкі аудит департаменті  орталықтың жұмысын тоқтату жөнінде сотқа шағым түсірген. Мүгедек балалардың ата- аналары  екі мемлекттік мекеме бір-бірімен соттасып жүргенде тегін көмек көрсететін орталық мүлде  жабылып қала ма деп алаңдап отыр. Төрт жасар Әмірхан үшін әлеуметтік орталық екінші үйіндей. Бүлдіршін  бұл мекеме ашылған күннен бері  түрлі оңалту курустарынан өтіп жүр. Қазір мекемедегі түрлі мамандар   сал және  аутизм ауруына шалдыққан  27 баланың оңалып кетуіне  көмектеседі.  Бұл мекеме жеке қор ретінде құрылып, биыл ақпан айында орталық ретінде  жұмысын бастады. Қиын болмас үшін  облыстық  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биыл да  осы салада мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мекемелер арасында тендер өткізеді. 

Тендерден ұтқан әлеуметтік орталық  мемлекеттен 12 миллион теңгенің тапсырысын алады. Алайда арада айлар  өткенде тендерге  қатыспаған тағы бір қор  орталықтың тәжірибесіне күманданып   ішкі аудит департаментіне  шағым түсіреді. Құзырлы орган ұзақ тексеруден соң конкрусты  өткізу кезінде кейбір ережелердің сақталмағанын анықтайды. Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасындағы жауапты мамандар  оңалту орталығы ішкі аудит департаменті анықтаған кемшіліктердің бәрін түзеткенін айтады. Алайда оған қарамастан ішкі аудит  орталықтың жұмысын тоқтау туралы  биыл шілдеде сотқа шағым   жолдайды. Алғашқы сатыдағы сот отырысында орталықты жабу жөнінде шешім шығады. Нәтиже болатынын ата-аналар да растап отыр. Егер ақылы қызмет алса бір балаға айына аз дегенде 80 мың теңге қажет. Жабылмауы үшін оңалту  орталығының  жұмысын   заңгері  сотта барлық құжатпен дәлелдеп шыққан.  Ал  бұл салада біліктілігі жоқ деп тендерге қатыспаған қордың шағымына сәйкес орталықты тексеріп одан сотқа берген   ішкі аудиттің әрекетін түсінбей аң-таң. Алғашқы сатыдағы соттың шешімімен келіспеген орталық жетекшілері  апельациялық шағым жазған. Келесі тыңдау әлі өткен жоқ. Оңалту  орталығы  және департамент пен басқарманың арасындағы  өзара тартыстың қалай шешілері әзірше белгісіз.

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...