Міндетті медициналық сақтандыру — уақыт талабы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы айтылған. Басты мақсат - аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылады.

21:05, 20 сәуір 2017   196

Халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе саналатын міндетті медициналық сақтандырудың  қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетіледі.
Елімізде енгізілетін міндетті медициналық сақтандырудың негізгі ерекшелігі — әлемдегі барлық тәжірибені зерттей келе, көптеген тиімді жақтары қарастырылған. Біріншіден, әлеуметтік әлсіз топтар, балалар, жұмыссыздар, студенттер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар медициналық қызметті тегін пайдаланады. Екіншіден, төлемдерді тек жұмыс берушілер мен қызметкерлер жүзеге асырады. Мемлекет тек құқықтық реттеу мен қадағалауды ұсынады. Үшіншіден, әр жылда сатылап көшуді қарастырады. Шығысқазақстандықтардың айтуынша,  бұл жаңашылдықтар азаматтардың өз денсаулығына жоғары жауапкершілікпен қарауына түрткі болады.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24