ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ

15:31, 7 тамыз 2020

17-тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы  ауруханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастайды. Бұл туралы  Ақпараттық орталықта өткен онлайн-брифинг барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.  Алдағы уақытта медициналық мекемелерде  дайындық жұмыстары басталады.  Сонымен қоса, «Әлеуметтік міндетті сақтандыру қорының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы коронавирустық инфекциямен күресу жолында провизорлық стационарлар мен жұқпалы аурулар бөлімдерінде  тынбай еңбектенген медициналық қызметкерлердың ай сайынғы табыстарына қосымша үстемақы төлей бастайды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, бүгінде облыста 267 медициналық қызметкер коронавируспен ауырған. Азаматтардың денсаулығын сақтау жолында жанқиярлық еңбектерімен танылған дәрігерлердің отбасылары мен провизорлық, карантиндік бөлімдерде еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің ай сайынғы жалақыларына қосымша үстемақы төлеу тәртібі арнайы комиссия отырысында шешіледі.

МӘМС жүйесіне енген азаматтарға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Жүйе қатысушылары сақтандыру пакетіндегі ақысыз қызмет түрлерін талап етуге құқылы. 17-тамыздан бастап ауруханаларда жоспарлы медициналық көмек көрсету басталады. Бұл тұрғыда кешенді жұмыстар қолға алынбақ. Цифрландыру негізінде ауруханалардағы жұмыс тәртібі сараланса, отбасылық дәрігерлер мен терапевтердің күнделікті жұмыс жүктемесі жеңілдейтіні анық. Сондай-ақ, ұзын-сонар кезек те болмайды. Бүгінде барлық ауруханалар бар күшті коронавирустық инфекциямен күреске жұмылдырғаны белгілі. Медициналық мекемелер уақытша карантинге жабылса да,  белгілі бір сала мамандары  қызмет көрсетуді тоқтатқан жоқ. Тек невропатолог, кардиолог тәрізді  дәрігерлер қабылдауына жазылу тәртібінде өзгеріс бар. Емделушілер ең бірінші отбасылық дәрігерлер мен  терапевтерге жүгінеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар