ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ БЕРІЛДІ

13:32, 30 желтоқсан 2020

Биыл Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында алғаш рет медицина саласының қызметкерлеріне екі пәтерлі төрт тұрғын үй салынды. Бұл медицина қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп қана қоймай, аудандағы маман тапшылығын шешуге ықпал етті. Ауданның орталық ауруханасына жақын жерге салынған 8 тұрғын үйдің 6 пәтерінің кілті медицина қызметкерлеріне табысталса, қалған екі пәтерлі үйді ақ халаттылар жатақхана ретінде пайдалана алады. Пәтер алу бақыты бұйырғандардың қатарында індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігер Рауан Пайзулла да бар.  Ал аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейтін көп балалы ана Меруерт Жәдікова жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқандығына дән риза. 20 желтоқсан күні пәтердің кілтін қолына алысымен жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп кеткен. Бұдан бөлек ауданда көп балалы, аз қамтылған отбасыларды пәтермен қамту үшін 24 тұрғын үйде 48 пәтерден салынған. Бір ғана жылдың ішінде Шар қаласында бес, Қалбатау ауылында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы уақытта аудан орталығында тұрғын үйлерді көптеп салу жоспарда бар.                   

 

                           

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
13:36, 20 қаңтар 2021
ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...