ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Марат Шоранов облыстық Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды

21:56, 26 мамыр 2017

Жаңа басшыны облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Бұл лауазымға Марат Шоранов кірісті. Оның денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол. Марат Шоранов бұған дейін Астана, Алматы қалаларындағы ірі медициналық мекемелерде түрлі қызметтерді атқарған. Денсаулық сақтауды дамыту институтының, сондай-ақ, стратегиялық даму департаменті және денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директоры болды.  2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «Юниверсити медикал центр» корпоративтік қоры директоры болған Марат Шоранов - медицина ғылымдарының кандидаты, Америка Құрама Штатында тәжірибесін шыңдап келген білікті маман. Облыс әкімі жаңа басшыға өз міндетін абыроймен атқаратынына сенім артты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар