ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАН» ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫЗ?

17:23, 19 қараша 2020

Өздерің кінәлісіңдер. Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген аймақ дәрігерлері өтемақы мәселесін тағы көтерді.  Аталған жайт бойынша Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері түсініктеме берді.  Денсаулық сақтау басқармасының атқамінерлері дәрігерлер қызмет барысында өз немқұрайлығы салдарынан індет жұқтырып, осыдан кейін  өтемақы сұрауда дейді. Семейдегі медицина мекемелерінің қызметкерлері тиісті өтемақыны алмадық деп наразылық танытуда. Сондай-ақ дәрігерлер қызмет барысында дертті жұқтырып, берілуі тиіс бір реттік төлемге де қол жеткізе алмай отырғандарын айтады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері өтемақы алуға ниет білдірген азаматтардан 745 өтініш келіп түскенін және олардың тек 263 ғана мақұлданғанын жеткізді. Осыдан кейін бұл ақпараттар республикалық жүйеге енгізілген. Ал 122 өтініш ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес келмеген соң кері қайтарылған. Дегенмен, қызыл аймақта жүрген дәрігерлерге төлем тоқтатылмаған. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі өңірді «қызыл аймақтан» шығару мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Атап өтерлік тағы бір жайт аймақ  жаңа 60 жедел-жәрдем көлігімен толықты.  Ал жыл соңына дейін дәл осындай тағы 216 көлік алу көзделген. Өскеменде бүгінгі таңда 65  жедел-жәрдем бригадасына 35 экипаж қосылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін өңірде 4 ПТР зертханасы мен 5 КТ кабинеті ашылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...