ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ

14:15, 1 сәуір 2020

Қазақстанда короновирустан тағы бір науқас көз жұмды. Қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзінше, ажал құшқан азаматтың жасы 50-де болған. Вирустың белгілері байқалған соң 21 наурыз күні оны жедел медициналық жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызады. Алайда, ауруы асқынғандықтан, ақ халаттылар науқастың өміріне араша түсе алмады. Мамандардың айтуынша, ол бір ай бойы ауырып жүрсе де медициналық көмекке мүлдем жүгінбеген.

«Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасындағы екі адамнан коронавирустық инфекция тіркелген.» КСМ: Еске салайық, бұған дейін COVID – 19 вирусынан Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған болатын.  Осымен қауіпті індет жұқтырып, бақилық болғандар саны екі адамға жетті. Осы вирус салдарынан қаза болған азаматтарды жерлеу рәсіміне қатысты жұрт арасында түрлі қауесеттер таралған еді. Істің ақ қарасын ажырату үшін бұған Алматы қаласының бас санитары былай деп жауап берді.  «Коронавирустан көз жұмған азаматтардың денесі ашылмайды. Залалсыздандырылады. Артынша оған арнайы қорғаныс құралы кигізіледі. Барлығы да аса қауіпті инфекциядан қорғаныс талаптарына сәйкес жүзеге асады. Мұндай санатқа жататын тұрғындар қала сыртындағы арнайы полигонда жерленеді. Полигонның жанында ешқандай елді-мекен жоқ. Қаладан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан. Кремация жасалмайды.» Бұл мәселеге қатысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне де сауал жолдап едік. Мынадай жауап алдық. Жерлеу рәсіміне бір ғана дін қызметкерінің қатысуына рұқсат беріледі. Сақтық шараларын қамтамасыз ету үшін рәсімге жалпы 5-7 адамнан артық қатысуына жол берілмейді. Олардың барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар