ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАУІПТІ ІНДЕТПЕН КҮРЕС

17:20, 2 шілде 2020

Бүгін жұқпалы індетті таратпау жөнінде құрылған мемлекеттік комиссия 5-шілдеден бастап елде шектеу шараларын енгізу туралы қаулы шығарды. Бұл шектеулер 14 күнге созылады және эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, ұзартылады. Елдің барлық аймақтарында қауіпті инфекциямен күресіп жүрген дәрігерлер не дейді?

Өскемен қаласы №4 қалалық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, өткен тәулікте ғана 70-тен астам тұрғын ауру белгілеріне шағымданып,  хабарласқан. Қалыптасқан жағдайға сәйкес, медициналық қызметкерлер күні-түні дамыл таппай еңбектеніп жүр. Провизорлық бөлімдегілер үш ауысыммен қызмет етуде. Бастысы – індеттің өршіп кетуіне жол бермеу. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта облыста жұқпалы індетпен ауырғандарға арналған 1700, және 2500 карантиндік төсек орын дайын. Барлық қалалық және аудандық ауруханаларда жансақтау  бөлімшелері сақадай сай дайындыққа көшкен. Диагностика мен зерттеулердің бірыңғай алгоритмі жасалды. Қалалар мен аудандарда әкімдік пен  жергілікті ауруханалардың бас дәрігерлерінің өзара ақылдасып, әрекетке көшуі пысықталды.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар