ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАБЫ ӨЗГЕРМЕЙДІ

17:08, 20 мамыр 2020

Мониторингтік топ азық-түлік емес нысандарды тексеру бойынша жұмысын жалғастыруда. Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев бастаған топ мүшелері сауда нысандарының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетерлігі, қала әкімінің орынбасары бұрын ескерту жасаған дүкендерге қайта айналып келді. Олардың ескертуден қандай қорытынды шығарғандығы жөнінде келесі бейнематериалда. Әлеуметтік қашықтықты сақтау жолағының болмауы сынды талаптың бұзылуы - азық-түлік емес нысандар бойынша рейдтік шаралар қолға алынған сәттен бастап анықталған. Кезекті рейд барысында әкімінің орынбасары оларды қалай белгілеу керектігін көрсетті.  Санитарлық нормаларды сақтау үшін тұрғындар да түсіністікпен қарауы керек.  Алайда, азық-түлік емес нысандар қызметкерлерінің айтуынша, адамдардың өздері қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаудан бас тартқан жағдайлар кездеседі. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы сарапшылар да айтуда. Өйткені, вирустан келетін қауіп әлі де бар. Карантиннің аяқталуын бірінші кезекте жеке кәсіпкерлер асыға күтуде. Оған барлық санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып қол жеткізуге болады,- дейді олар. Әкім орынбасары, ескерту жасаған нысандарды қайта тексерді. Айдар Садырбаев олардың барлығы ескертулерден қорытынды шағарғандығын атап өтті. Сатушылардың айтуынша, олар кейбір талаптарды білмесе де кемшіліктерді түзеуге асыққан. Шынымен де есіктердің тұтқалары залалсыздандырылған матамен оралып, арнайы кілемшелер төселіп, жолақтар жасалған. Дүкендерге үштен артық адам жіберілмейді. Мұндай мониторингтік тексерулер әлі де жалғасатын болады.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар