ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

17:48, 30 шілде 2020

5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендеген. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке мәлімдеді. Үкімет басшысының баяндауынша, бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген. Осы оң үрдісті одан әрі жақсарту мақсатында ел Президенті карантинді әлі де ұзарту керек деген шешім қабылдады. Дәрігерлер қауымы «бұл ең әуелі елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға сеп болмақ» деген пікірде.

Елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой инфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерін ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету керек деген пікірде. Сол себепті, мемлекет басшысына бұл амалдың жолдарын баяндады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар