ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАН ПЛАЗМАСЫН ТАПСЫРУ

14:40, 12 қазан 2020

Короновирус індетін емдеудің бір жолы қан плазмасын қолдану. Вирустың емі табылмағандықтан, ғалымдар осы амалға жүгінген. Аталған әдіс өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Шығысқазақстандықтар да бұл шараның пайдалы екендігін айтады. Себебі, донор болып қан тапсырған адам біреуге ауырмай өмір сүруге мүмкіндік бергенмен тең. Қан плазмасын коронавирус жұқтырып, аурудан айыққандар тапсырады. Яғни, басқа ауырып жатқандарға донор бола алады. Плазма - қанның сұйық бөлігі. Плазма ақуыздары ауруларға қарсы антидене саналады. Аурудан жазылған адам 14 күн оқшауланып, кейін қан плазмасын тапсырады. Бұл шара Глубокое ауданында белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданның 520 тұрғыны коронавируспен ауырған. Басым бөлігі жазылып шықты. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, науқастарды емдеу үшін орталық аудандық ауруханада 20 орындық инфекциялық бөлім ашылған. Сондай-ақ, ғимаратта провизорлық бөлім де қызмет көрсетуде. Дәрігерлердің құрал-жабдықтары мен емделушілердің дәрі-дәрмектері жеткілікті. Тұрғындардың өзгелерге көмектесуге деген талпыныстары да жоғары дейді. Дәрігерлердің айтуынша, плазма тапсыру арқылы донордың басқа адамдарға вирус жұқтыру қаупі де төмендейді. Дегенмен, донор плазмасын құю ауруды толық жеңбейді. Науқас тек вирусқа дайын антиденелерге ие болады. Ал бір донор бірден үш науқасқа көмектесе алады. Азаматтық көмектен тыс қалмаған жандардың қатарында Айдын Ізбасаров та бар. Кент тұрғыны вирустық инфекциямен биыл шілдеде ауырған, қазір жағдайы өте жақсы. Мамандар иммундық қан плазмасын тапсырудың еш қаупі жоқ екенін ескертеді. Барлық санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталады. Ковидтен сауыққан кез-келген адам облыстық қан орталығына барып, процедурадан өте алады. Бұл үшін донорға 7 АЕК көлемінде қаржы берілетіндігін де айта кеткен жөн.

Тақырып бойынша материалдар

СЕМЕЙДЕ  ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
12:54, 30 қазан 2020
СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...