ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАН ПЛАЗМАСЫ ДОНОРЫ

14:43, 15 қазан 2020

Зайсан ауданында коронавируспен ауырған азаматтар қан тапсырып, донор атануда. Себебі, дерттен айыққан азаматтардың қан плазмасы құрамында  COVID-19 қарсы тұратын антиденелер бар. Бүгінгі таңда аудандық аурухана қабырғасындағы трансфузиология кабинетінде донорлыққа ниет білдірген жандарды қабылдау жүріп жатыр. Облыс көлемінде бастау алған шараға Зайсан ауданы жұртшылығы қолдау көрсетіп, ат салысуда. Аудандық аурухана дәрігерлері талдауға келген қан плазмаларын бекітілген талап бойынша тексеруден өткізіп, облыс орталығына жолдайды. Дәрігерлер сондай-ақ, қан плазмасын тапсыру денсаулыққа зиян келтірмейді, бір донордың арқасында үш адамның өмірін сақтап қалуға болатындығын айтады. Қан плазмасы доноры атанғандар арасында Зайсан қаласының тұрғыны Қайрат Әділханов та бар. Коронавирус дертіне шалдығып, толықтай айығып шыққан. Індетті жеңгендердің қан құрамында дертке қарсы тұратын денелер қалыптасатынын естігеннен кейін донор атануға ниет білдірген. Ауданда сондай-ақ коронавирустық инфекцияның болуы ықтимал екінші толқынының таралуына жол бермеу мақсатында алдын-алу шаралары қолға алынған. Мәселен, орталық ауруханада қосымша емделушілерге арналған 257 орын дайындалды. Провизорлық,инфекциялық бөлімдердің қызметіне де ерекше мән берілген. Қазіргі таңда аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауданда жаңғыртылған нысандардың бірінде де емделушілерге арналған аудандық аурухананың жаңа бөлімі ашылды. Бұл жердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қажетті-құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дәрігерлер мұнда кезекшілік тәртібімен жұмыстарын жүргізетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

СЕМЕЙДЕ  ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
12:54, 30 қазан 2020
СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...